Теннис

Недовесов Новактан басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирін сәтті бастады.

Недовесов алғашқы кездесуде Денис Новакпен күш сынасты. Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 193-орында тұрса, Новак - 142-сатыда.
Бірінші партия аса тартысты өтіп, онда Недовесов тай-брейкте 7:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қазақстандық спортшы қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер