Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайратқа» ауысты

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайратқа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Еркебұлан шымкенттік футболдың түлегі саналады. Өзінің кәсіби мансабын өзінің туған клубы «Ордабасыда» бастап, 2013 жылы жергілікті «Қыранда» жалда ойнап қайтты.

Соңғы бес маусым бойы «Ордабасының» негізгі ойыншысы болды. Шымкенттік клуб сапында 152 ойынға қатысып, 23 гол мен 18 нәтижелі пастың авторы атанды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 12 ойында алаңға шығып, бір голды қанжығасына майлады. Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылы Премьер-лиганың ашылуы болды, сондай-ақ, 2016 жылғы маусымда Премьер-лиганың үздік жас ойыншысы атанды.

Еркебұланмен еңбек келісімі үш жылға жасалды.

Туған күні: 14.01.1995

Бойы: 181 см

Салмағы: 67 кг

Позициясы: жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер