Баскетбол

«Астана» клубы жаңа жылды жеңіліспен бастады

«Астана» клубы жаңа жылды жеңіліспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан біріккен ВТБ лигасында сынға түсетін "Астана" сырт алаңда "Нижний Новогородтан" жеңіліп қалды.

Қазақстандық команда қарсыласынан 85:78 (21:21, 29:14, 21:19, 14:24) есебімен ұтылды. "Астана" сапынан Джей Джей О’Брайен, Энтони Клеммонс, Майкл Дженкинс, Джеффри Гросселлдер жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен, жеңіс үшін бұл жеткіліксіз болды.

Осылайша, "Астана" биылғы жылдың алғашқы матчында жеңіліске ұшырады. Бұған дейін астаналықтар қатарынан төрт кездесуде жеңіске жеткен болатын.

ВТБ лигасы аясындағы келесі кездесу 12 қаңтар күні өтеді. "Астана" өз жерінде Қазанның "УНИКС" клубын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер