Самедов мансабын «Қайратта» жалғастырады

Самедов мансабын «Қайратта» жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік жартылай қорғаушы Александр Самедов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

34 жастағы футболшыға алматылық «Қайрат» қызығушылық танытып отыр. Тәжірибелі футболшыны командадан кеткен Исаэльдің орнына алмақ көрінеді.

Александр Самедов күні кеше мәскеулік «Спартакпен» арадағы келісімшартын бұзған болатын.

Ресейлік ойыншы кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын 2002 жылы «Спартакта» жасаған. Артынша Самедов «Локомотив» пен «Динамо» сапында доп тепті. Ал 2017 жылы «Спартакқа» қайта оралды. Өткен маусымда мәскеулік клубтың жейдесінде 39 матчқа шығып, 5 гол соққан. Сондай-ақ, Ресей құрамасымен бірге әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті. Хорватияға қарсы ойыннан соң ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер