Қысқы

Ұлттық құрама сапына төрт биатлоншы қосылды

news-banner7
mobile-news-top

Ақмолалық төрт биатлоншы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында биылғы жылдың қаңтарында өтетін халықаралық жарыста өнер көрсетеді.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, жақында биатлоннан Қазақстан Республикасы құрама командасының сапында 2019 жылдың қаңтар айында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды.

«Осыған дейін айтылғандай құрама сапы биатлоннан Əлем кубогі жəне IBU кубогі кезеңдері, сондай-ақ, Алматыда өткен ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша анықталды. Оның ішінде Қазақстан құрамасына Ақмола облысынан төрт биатлоншы енді. Нақтырақ айтсақ, IBU кубогіне Александр Мухин, Əлем кубогіне ерлер арасында Роман Еремин мен Петр Ермоленко, ал əйелдер арасында Анастасия Кондратьева қатысады», дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер