СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Басқа

Спорт ұлылығы. Әлемді өзгерткен 11 оқиға

Спорт ұлылығы. Әлемді өзгерткен 11 оқиға
news-banner7
mobile-news-top

Спорт бүгінгі таңда жәй ғана жарыстар жинағы емес, ол нағыз өмір салтына айналды. Тарихта саяси, әлеуметтік жағдайларға өз әсерін тигізген спорт оқиғалары аз емес. Prosports.kz назарларыңызға әлемдік көзқарасты өзгертіп, адамдарға жігер сыйлаған осындай оқиғалар топтамасын ұсынады.

1994 жылы апартеид жойылса да, Оңтүстік Африкада нәсілдік жанжалдар басылған жоқ. Сол кездері регбиден Оңтүстік Африка Республикасының «Спрингбокс» командасы әлем чемпионатында жаңазеландиялық «Олл Блэкс» ұжымын жеңген. Бұл нәсілдік жанжалдардың төмендеуіне алып келген тарихи сәт болды. Сол ойында Оңтүстік Африка президенті, көптеген жылдар бойы елдің қара түсті тұрғындарының құқығын қорғау үшін күресіп жүрген Нельсон Мандела «Спрингбокс» капитаны Франсуа Пьенаарудың қолын алған болатын.

Белгілі америкалық бейсболшы Лу Гериг 36 жасында бүйірлік амиотрофиялық склероз салдарынан спортпен қоштасты. Ол үшін спорттан қоштасу рәсімі ұйымдастырылып, көп адам көзіне жас алды. Айтпақшы, АҚШ пен Канадада бүйірлік амиотрофиялық склероз «Лу Гериг сырқаты» деген атпен танымал.

Америкалық велошабандоз Лэнс Армстронгтан қатерлі ісік табылған. Ісік ең соңғы кезеңде болғандықтан, спортшының жағдайы нашар еді. Әйтсе де, Армстронг қатерлі ісікті жеңіп, кейін «Тур де Франсты» 7 рет ұтып алды. Ол қатерлі ісікпен ауыратындар үшін соңына дейін күресуге талпыныс сыйлады.

Бобби Мартин өмірге екі аяқсыз келген еді. Бірақ бұл оған мектепте америкалық футбол ойнауға бөгет болмады. Ол, тіпті, университетте оқып жүргенде де жергілікті команда сапында өнер көрсетті.

1900 жылға дейін әйелдерге Олимпиада ойындарына қатысуға болмайтын еді. Бұл жағдай тек сол жылы Париж Олимпиадасында түзетілді. Сол Олимпиадада шөптегі теннис және гольф жарыстарына алғаш рет әйел спортшылар қатысты. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада алғаш рет әйелдер арасында бокс сайысы өтті.

1965 жылы Кассиус Клей ауыр салмақта әлем чемпионы атағын алған. Келесі күні ол өзінің «Ислам ұлттары» мүшесі екенін айтып, есімін Мұхаммед Әли деп өзгертті. Сөйтіп, атақты боксшы әскерге барудан бас тартып қана қоймай, Вьетнамдағы соғысқа белсенді түрде қарсы болды. Соның салдарынан Мұхаммед Әли чемпиондық титулынан, жекпе-жектерге қатысу лицензиясы мен паспортынан айырылды.

1947 жылы сәуірде бейсболшы Джеки Робинсон «Бруклин Доджерс» клубымен келісімшартқа отырып, АҚШ тарихында Басты лигада ойнаған алғашқы қара нәсілді ойыншы атанды. Оған адамдар өлтіремін деген қоқан-лоқы көрсетіп, басқа ойыншылар кемсіткенімен, Робинсон өз мансабын табысты өткізді.

1973 жылы 20 қыркүйекте әйелдер арасындағы теннис жұлдызы Билли Джин Кинг пен әйелдер теннисінің деңгейін сынға алған Бобби Риггс (ерлер арасында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы) өзара матч өткізді. Риггс кортта кез келген әйелді жеңе алатынына сенімді екенін айтқан. Ал матчта Билли Джин Кинг қарсыласын ірі есеппен жеңіп, 100 мың доллар алды.

Британиялық дәрігер Людвиг Гуттман Екінші дүниежүзіліс соғысына қатысқан ардагерлердің айығуы үшін мүгедектер орындығында отырып ойнайтын халықаралық спорт ойындарын ұйымдастырған. Ол мүгедек спортшыларды осы ойындарға қатысуға шақырды. Артынша ол Паралимпиада ойындары деген атқа ие болды.

1988 жылы Сеульдегі Олимпиада ойындарында канадалық жеңіл атлет Бен Джонсон әлемдік рекорд орнатып, жеңімпаз атанған болатын. Алайда үш күннен кейін спортшының допинг қолданғаны анықталып, ол өз титулынан айырылды. Джонсонға бірнеше жылдан кейін Барселонада өткен Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берілді. Бірақ тағы да оның қанынан тыйым салынған дәрі табылды. 1993 жылы ол спорттан мәңгілікке шеттетілді.

Америкалық Огаста қаласындағы ұлттық гольф-клубы 1975 жылға дейін қара нәсілді ойыншыларды қабылдамаған. 1997 жылы 21 жастағы Тайгер Вудс осы гольф-клубта өткен «Мастерсте» жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер