русский язык
Әлем футболы

Роналду Instagram желісінде ең танымал пайдаланушы атанды

Роналду Instagram желісінде ең танымал пайдаланушы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінің ең танымал пайдаланушысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роналдудың парақшасын 150 миллионнан астам адам оқиды. Осыған дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал тұлға – америкалық әнші Селена Гомес болған еді.

29 қазанда танымал әнші Селена Гоместің оқырмандарының саны 144,33 мың адамға жетті. Ал Роналдудың оқырмандары 144,36 мыңнан асып, рекордты межеге жетті.

Айта кетейік, Роналду спортшылар арасында бірінші орында тұрса, барлық атақты жұлдыздың ішінде Instagram желісіндегі бір жарнама жарияланымы үшін алатын ақшалай сыйақысы бойынша үшінші орында екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;