СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Басқа

«Болған оқиға». Спорт туралы топ-10 фильм

«Болған оқиға». Спорт туралы топ-10 фильм
news-banner7
mobile-news-top

Спорт тарихында барша әлемді таңқалдырып, адамдарды өз мақсатына қол жеткізуге ынталандарған оқиғалар аз болмады. Бүгінгі заманда ондай оқиғалардың басым бөлігі ұмытылып қалар еді. Бірақ оларды ұмытылмастай еткен – бұл фильмдер. Кинематография саласында спорт туралы түсірілген фильмдер аз емес. Ал Prosports.kz назарларыңызға өмірде болған оқиғалар негізімен бойынша түсірілген фильмдер топтамасын ұсынады.

«Жарыс» (орыс тілінде – «Гонка»)

Спорт түрі: автожарыс

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð³Ð¾Ð½ÐºÐ° ÑилÑм

Өткен ғасырдың 70 жылдары. «Формула-1» жарысының алтын дәуірі. Бұл жарыстың тарихындағы ең бітіспес екі қарсылас – англиялық плейбой Джеймс Хант пен тек тәртіпті қалайтын, австриялық перфекционист Ники Лауда. Екеуінің жеңіс үшін текетіресі физикалық және психологиялық тұрғыда өз шегіне жетеді. Олар үшін жеңістің оңай жолы жоқ, қателік жіберуге болмайды. Бір ғана қателік мансабы тұрмақ, өміріне де балта шабуы ықтимал.

«Қарғыс атқан Юнайтед» («Проклятый Юнайтед»)

Спорт түрі: футбол

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÑоклÑÑÑй ÐнайÑед

Бұл фильм Ұлыбритания футболы тарихындағы ұлы бапкерлердің бірі Брайан Клаф туралы түсірілген. Ол үшінші дивизионның командасын («Кантри Дерби») төменгі сатылардан көтеріп, ел чемпионы қылды. Бірақ жаман мінезінің кесірінен оны бапкерлік қызметінен қуып жіберді. Әйтсе де, кейін ол тағы бір атақты клуб – «Лидс Юнайтедтен» ұсыныс алды. Бұл клубта Клаф бар болғаны 44 күн жұмыс істеді.

«Фаворит»

Спорт түрі: ат жарысы

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑавоÑÐ¸Ñ ÑилÑм

Фильмнің сюжеті 30 жылдары Ұлы депрессия кезіндегі Америка тарихын баяндайды. Елде жұмыссыздық орнап тұр, адамдардың уақыты жұмыс іздеумен өтеді немесе тағдырларын ипподромда сынап көруге тырысады. Мақсаты – аттар жарысына бәс тігу... Жергілікті ипподромда жаңа ат пайда болады: толықтау, кішкентай, ол жарыс үшін жарамсыз болып көрінеді. Оның шабарманы – бокстан әлем чемпионы, сәтсіз жекпе-жектен соң соқыр болып қалған Ред Поллард. Редтің бапкері Том Смит бұрын циркте жұмыс істеген. Бұл кезеңде бүкіл ел Фавориттің жеңістеріне үлкен қызығушылықпен қарап жүр. Жарысқа жарамайтындай көрінетін ат пен жартылай соқыр шабандоз Әскери Адмиралдың фаворитін жеңе ала ма?

«Бәрін өзгерткен адам» («Человек, который изменил все»)

Спорт түрі: бейсбол

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð§ÐµÐ»Ð¾Ð²ÐµÐº, коÑоÑÑй изменил вÑе

Билли Бине ең талантты жас бейсболшылардың бірі болған, бірақ алаңда өзін көрсете алмады. Қазір ол бейсбол командасының бас менеджері және ол сол ұжыммен бірге чемпионатта жеңіске жетуге тырысып жүр. Бірақ олардың сәтті өнер көрсетуге еш мүмкіндігі жоқ. Қаржылық қиындықтар жоғары деңгейлі ойыншыларды алуға мүмкіндік бермейді. Ал команда сапындағы қазіргі ойыншыларда жеңіске деген ниет те жоқ. Бірақ бір күні Билли бұл жағдайды қалай түзетуге болатынын түсініп, бәрін өзгерте бастайды.

«Нокдаун»

Спорт түрі: бокс

ÐоÑожее изобÑажение

Джеймс Раньон табысты боксшы болатын. Оның бақытты отбасы мен көп ақшасы бар еді, бірақ елде экономикалық дағдарыс басталған кезде бәрі өзгерді. Енді ол әйелі мен балаларын тамақтандыру үшін ғана кез келген жұмысты ала берді, бірақ сонда да ақша жетпейді. Бір күні ол басқа боксшының орнына рингке шығуға мүмкіндік алады. Жәй ғана кездесу емес, бұл жекпе-жекте чемпиондық титул сарапқа салынады...

«Титандарды еске алып» («Вспоминая Титанов»)

Спорт түрі: америкалық футбол

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÑÐ¿Ð¾Ð¼Ð¸Ð½Ð°Ñ Ð¢Ð¸Ñанов

АҚШ-та кез келген жасөспірім америкалық футболдың жұлдызы болуды армандайды. Ал бұл спортпен айналысатындар оның өте қауіпті екенін жақсы біледі. Фильм сюжетінде Герман Бун есімді бапкер баяндалады. Талантты жаттықтырушы мекептегі аутсайдерлерден нағыз жеңімпаздарды жасап шыққан. Жаңа мектепке жұмыс істеуге келген Бун мұндағы футбол командасының жағдайы нашар екенін көреді. Ол команданы жеңімпаздар қатарына қосу үшін жігіттерді қатал әрі тиянақты дайындай бастайды.

«Ерік-жігер» («Сила воли»)

Спорт түрі: жеңіл атлетика

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ñила воли ÑилÑм

Бұл фильм қара нәсілді жеңіл атлет Джесси Оуэнстің өміріне арналған. Нәсілшілдердің дәуірі жүріп тұрған заманда қара түсті спортшының алдынан түрлі сынақтар шығады. Турнирлерде барлық рекордты бұзған Оуэнс енді Гитлер басқаратын Германияға барып, 1936 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспақ. Нәсілдік қақтығыс енді басталады. Фильмде бір өзі спорт тарихын өзгерткен жігіттің өмірі баяндалып, сол Гитлер еліндегі Олимпиаданың атмосферасы тамаша көрсетілген.

«Бапкер Картер» («Тренер Картер»)

Спорт түрі: баскетбол

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¢ÑÐµÐ½ÐµÑ ÐаÑÑеÑ

Фильмде 1999 жылы Калифорния штатында болған оқиғаға баяндалады. Маусым ортасында баскетболдан мектеп командасын қабылдап алған бапкер Кен Картер өзінің әлі жеңілмеген командасына талап қояды: ол оқудағы бағаларының төмен болуына байланысты ойыншыларды алаңға шығармай тастайды. Нәтижесінде команда чемпионаттың екі ойынына қатыспайды, ал баскетболшыларға өз бағаларын түзегенше, спортзалға жол жабылады. Картердің бұл ісін ойыншылардың ата-аналары мен мектеп басшылығы жақсы ниетпен қабылдай қоймайды.

«Басқалардың ережесімен ойнау» («Игра по чужим правилам»)

Спорт түрі: баскетбол

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐгÑа по ÑÑжим пÑавилам

Фильм оқиғасы 1966 жылы АҚШ-та өрбиді. Ол кезде нәсілдер арасындағы теңдік тек қағаз жүзінде ғана болған. Дон Хэскинс университеттердің бірінде баскетбол командасының бапкері атанады. Ол басқалардың қарсы болғанына қарамастан, командаға қара нәсілді жігіттерді ала бастайды. Мұндай жайт бұрын соңғы болмаған еді. Көптің сынына ұшыраған бапкер осы командамен студенттік лиганы жеңіп алмақ.

«Көрінбейтін жақ» («Невидимая сторона»)

Спорт түрі: регби

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÐµÐ²Ð¸Ð´Ð¸Ð¼Ð°Ñ ÑÑоÑона

Нәсілге қатысты тағы бір фильм. Мұнда нашар отбасыдан шыққан қара нәсілді жігіттің өмірі баяндалады. Майклдың әкесі жоқ, ал анасы – нашақор. Бірақ ол өз қатарластары секілді банда мүшесі болып кетпей, өзімен-өзі өмір сүреді. Бір күні көшеде оны Туи отбасы байқап қалады. Ақ түсті отбасы Майклды өз үйіне шақырып, оны өз мүшесі ретінде қабылдайды. Майклдың сабақтағы үлгерімі нашар, бірақ физикалық мүмкіндігі регби ойнауға жол ашады. Сөйтіп, отбасының анасы Ли Энн оған кәсіпқой спортшы болуға көмектесе бастайды. Майкл мектептегі бағаларының нашар болғанына да, регби ойнап көрмегеніне де қарамастан, жаңа отбасы үшін сол мақсатқа жетуге тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер