Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіров жаңа лауазымға тағайындалды

Жақсылық Үшкемпіров жаңа лауазымға тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысы Талғар қаласында жаңа спорт кешені және «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Ермахан Ыбрайымовтар қатысты. Талғар ауданы спорттағы талапты да талантты жастарымен мақтанады. Енді осы спорт кешенінде балалар спорттың ондаған түрімен емін-еркін, алаңсыз шұғылданатын болады.

Денешынықтыру әрі сауықтыру кешенінде мәжіліс, жаттығу, бокс, күрес, ойын залдары бар. Волейбол, футбол, баскетбол алаңдарында тартысты ойындарды тамашалау үшін көрермендерге арналған 400 орындық трибуна салынады. 56 жаңа жұмыс орны ашылады. Спорт мектебін елімізге танымал палуан, 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров басқаратын болады.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер