русский язык
Бокс

Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізді

Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізді

WBO бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кезекті, 29-шы жеңісіне қол жеткізді. Африкалық «қарамаржан» Осуман Адамамен кездескен жерлесіміз қарсыласын 7-ші раундта техникалық нокаутпен ұтты. 

Осылайша Головкин WBA тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белбеуін оныншы рет, IBO тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белбеуін жетінші рет қорғап отыр.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жекті төреші 7-ші раундта тоқтатуға мәжбүр болды. Алғашқы раундта қарсыласын бір құлатып алған Геннадий алтыншы және жетінші раундтарда Адаманы тағы екі рет ногдаунға жіберді. Ал, төртінші ногдауннан кейін ганалық боксшының жекпе-жекті жалғастыруға шамасы келмей, Головкиннің есебіне техникалық нокаут жазылды.

31 жасар жерлесіміз осымен 29 рет шаршы алаңға шығып, оның барлығында да жеңіске жетіп отыр. Ал, нокауттар саны 26-ға жетті. Геннадий кезекті жекпе-жегін сәуір айында өткізуі мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;