Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама сапында «тазарту» жүргізіледі

Жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама сапында «тазарту» жүргізіледі
news-banner7
mobile-news-top

Келесі жылы Қазақстан құрамасындағы жеңіл атлеттерге өздерінің дене даярлықтарына мықтап назар аударуға тура келеді. Себебі үздіктер сапында бірден екі «тазарту» жұмысы жүргізіледі.

Олардың бірі туралы республикалық федерацияның қорытынды конференциясында бас бапкер Григорий Егоров айтты. Оның сөзінше, келесі жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері деңгейінде нәтиже көрсете алмаған 26 жастан асқан спортшылар Ұлттық құрамадан шығарылатын болады. Бұдан бөлек, жеңіл атлеттер неміс маманы Ральф Мохбаханның жүйесі бойынша тест тапсырады.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов атап өткендей, бұл тесттен сүрінбей өткен спортшылар бірден «Алтай Атлетикс» кәсіби жеңіл атлетика клубына қабылданатын болады. Бұл, келешегінен үміт күттіретін жастарға да қатысты.

Құраманың резерв жөніндегі бас бапкері Татьяна Назарова жас атлеттерді тіпті ең жоғары деңгейдегі жарыстарға жіберуге қаржының жоқтығына назар аудартты. Өз кезегінде Даниал Ахметов жастар арасында да тестілеу өткізіп, үздіктерді елдегі тұңғыш кәсіби жеңіл атлеттер клубына іріктеуді тапсырды.

Даниал Ахметовтың айтуынша, «Алтай Атлетикстің» бюджеті Ұлттық құрамаға қарағанда үлкен және федерация бұл үрдісті жалғастыруға ниетті. Өткен маусымда клубқа 384 млн теңге бөлінген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер