ММА

Хабибтің қарымта бағасы қанша

Хабибтің қарымта бағасы қанша
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен болатын реванш жайында айтып, өз талаптарын алға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бізбен қайта жұдырықтасқысы келе ме? 30 миллион беріңіздер, жұдырықтасайық! Бұл МакГрегорға ұсыныс. 15 миллион ұсынды. Не үшін? 30, жігіттер, 30», — дейді Нурмагомедов (үлкені).

Хабибтің әкесінің пікірінше, МакГрегорге Нурамгомедовпен қайта кездесудің қажеті жоқ. «Конор реванш керек десе, ең алдымен Ислам Махачев, Тони Фергюсондармен шығып, өзінің бағын байқап көрсін».

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні Хабиб Нурмагомедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер