русский язык
Футбол

Қазақстан жастар құрамасы 5-ші орынға таласады

Қазақстан жастар құрамасы 5-ші орынға таласады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Достастық кубогында» 5-ші орын үшін таласады.

Латвия жастарымен кездескен біздің жігіттер 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан тарапынан Пасинчик, Мұртазаев гол соқты. Ойынның 13-минутында «Атырау» клубының қорғаушысы Пасинчик есеп ашса, 29-минутта «Шахтер» шабуылшысы Роман Мұртазаев есепті еселеді. Бірінші тайм соңына таман Латвия футболшылары жауап гол соққан. Матчтың соңына таман «Бәйтерек» қорғаушысы Аслан Рафкат Латвия қақпасына 3-ші голды салды.  Роман Мұртазаев ойындағы үздік ойыншы болып танылды.

Енді Қазақстан жастар құрамасы «Санк-Петербург» командасымен 5-ші орынға таласады.

 

 

 

aynaline.kz сайтынан

Фото: “Достастық кубогының” ресми парақшасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;