Футзал

«Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуінен бейнешолу

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Кубогының жартылай финалында күтпеген нәтиже тіркелді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ақтық жолдаманы сарапқа салған «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ойын тартысқа толы болды. Соңғы жылдары алматылық командаға қарымды қарсылық көрсетіп жүрген «Ақтөбенің» ойыншылары табандылық танытып, жолдамаға ие болды.

Негізгі уақытта 2:2 есебімен тең тарқасқан қос команда жолдаманың тағдырын пенальти сериясында шешті. Пенальтиде «Ақтөбенің» ойыншылары дәл болды.

Осылайша, «Ақтөбе» финалда «Жетісу» командасынан басым түскен «Аятпен» ойнайды.

Қазақстан Кубогы – 2018. 1/2 финал

«Қайрат» - «Ақтөбе» 2:2 (пенальтиден 5:6)

Голдар: Есенаманов 23, 26 - Алан 6, Валенко 29

20 желтоқсан, Щучинск, «Жақсы» СК

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер