русский язык
Бокс

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Бангкокте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның күрзі қолғап шеберлері 6 алтын, 3 қола медаль еншілеп, командалық есепте 1-ші орын алды.

56 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген Сұлтан Зәуірбек корейлік боксшыны айқын басымдықпен ұтты. Артынша тағы 5 боксшымыз Азия чемпионы атанды. Абылайхан Жүсіпов, Аян Қалибеков, Вадим Казаков, Темірлан Қабиев, Елдос Қадырбаевтар алтыннан алқа тағынды.

Ал қола медальдар Ертуған Зейнулинов, Иван Ковалев және Илья Очкинге бұйырды.

Айта кетейік, кеше аяқталған Азия біріншілігіне 16 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан Азия біріншілігіне барлық салмақ дәрежелерінде боксшы апарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;