«Ақтөбе» «Луч-Энергиямен» тең түсті
![«Ақтөбе» «Луч-Энергиямен» тең түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1391148815_921210359.jpg?v=28706061)
Түркияда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футол клубы ресейлік «Луч-Энергия» командасымен күш сынасты.
Матчтағы есепті ақтөбеліктер ашты. Гол авторы - Александр Гейнрих. Дегенмен, ресейліктер ойын соңына дейін жігер тауып Могилевскийдің арқасында бір голмен жауап берді.
«Актобе» ФК құрамы: Сидельников, Мулдаров, Логвиненко, Бадло, Тагыберген, Хайруллин, Гейнрих, Дяденко, Пиззелли, Айымбетов, Неко
Қазақстандық клубтың келесі матчы ақпанның 2-не жоспарланған. Жолдастық кездесу «Роторға» қарсы өтеді.
Жолдастық матч.
«Ақтөбе» - «Луч-Энергия» - 1:1 (1:0)
Голдар: Гейнрих, Могилевский