Бокс

Садриддин титулдық жекпе-жекке шығады

news-banner7
mobile-news-top

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі айқасы туралы ақпарат жариялады.

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі айқасын Монреалда (Канада) өткізеді. Бокс кеші қаңтардың 26-на жоспраланған.

Ахмедовтың қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ ол WBC «жастар» чемпионы титулы үшін күш сынамақ.

Еске салайық, 20 жастағы Ахмедов кәсіби рингте сәуірде дебют жасаған. Содан бері алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер