«Қайрат» бес бірдей легионерімен қош айтысты

«Қайрат» бес бірдей легионерімен қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» клубынан бес бірдей легионері кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматылық команданың сапынан хорватиялық футболшы Иво Иличевич, венгриялық Акош Элек, Тринидад және Тобаго құрамасының қорғаушысы Шелдон Бато, бразилиялықтар Исаэль мен Хуан Фелипе кетті. Сондай-ақ, биылғы маусым аяқталысымен Андрей Аршавин мансабын аяқтаған болатын.

Енді «Қайратта» биыл ойнаған легионерлерден тек Сергей Политевич, Адеринсола Эсеола және Мартон Эппель қалды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер