Beautiful Football

Бауыржанның құны арзандады

Бауыржанның құны арзандады
news-banner7
mobile-news-top

Соңғы жылдары қазақ футболының ең дарынды ойыншысы аталып жүрген Бауыржан Исламханның биылғы ойын өрнегіне жанкүйердің көңілі толмай жүр. Ұлттық құраманы жаңа жеңістерге жетелейді деп сенім артқан футболшымыз білгенінен жаңылды ма әлде алар асуы әлі алда ма?

Осыдан төрт жыл бұрын «Қайраттың» жейдесін киген Баторик соңғы уақытта

Алматыға келген жылдары жасындай жарқылдаған жас ойыншы қазір тәжірибесі толысқан көшбасшы футболшыға айналуы қажет еді. Алайда Бауыржан бұл үмітті ақтай алмай келеді. Биылғы маусымда 10 гол соғып, 8 рет әріптестеріне нәтижелі пас шығарған (10+8). Бұл «Қайратқа» келгелі көрсеткен ең нашар нәтижесі.

2017 жыл: 12 гол - 9 нәтижелі пас - 21 нәтижелі әрекет;

2016 жыл: 17+11 - 28;

2015 жыл: 12+7 - 19;

2014 жыл: 6+16 - 22.

Бұған тағы бір дәлел Бауыржан Исламханның нарықтағы құнының төмендеуі. Өткен жылға қарағанда 200 мың евроға арзандап, 1 миллион 800 евро көрсеткішіне тоқтаған.

Бір жылдары қазақ футболының «Хавиі» мен «Мессиі» атанған Бауыржан қазір олардың көлеңесіне де ұқсамай жүр. Баториктің шығар шыңы осы деуге ауызың бармайды. Дегенмен де бұл маусым ол үшін сәтсіз өткені күмәнсіз. Бар үміт келе жатқан жаңа жылда. Жаңа маусымда жаңа деммен жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа жетістіктерге жетеді деп үміттенеміз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер