Бокс

Астанада өткен бокс кешінен бейнешолу

Астанада өткен бокс кешінен бейнешолу
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайты назарларыңызға Тәуелсіздік күніне орай Астанада өткен бокс кешіндегі жекпе-жектерден бейнешолуды ұсынады.

Асхат Уәлиханов украиналық Ярослав Юровпен кездескен. Жекпе-жек түгелімен алты раундқа созылып, төрешілер жеңісті Уәлихановқа берді. Осылайша, Уәлиханов кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне (екеуі – нокаут) қол жеткізді. Еншісінде бір жеңіліс бар.

Абылайхан Құсайынов та украиналық боксшымен жұдырықтасты. Оның қарсыласы Максим Мороз болған. Украиналық боксшы екінші раундта бір рет, үшінші раундта екі рет нокдаунға түсіп, кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Енді 27 жастағы Құсайыновтың еншісінде – 10 жеңіс (7-еуі – нокаутпен).

Айдар Шәрібаев болса, украиналық Артем Айвазадимен кездескен. Алты раундтың қорытындысы бойынша, Айдар төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Суперауыр салмақта сынға түсетін Руслан Мырсатаев украиналық Павел Кроленкомен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде де жеңімпазды төрешілер анықтады. Сегіз раундтан соң Руслан жеңімпаз атанды. Мырсатаев, осылайша, алты кездесуінің бәрін де жеңіспен аяқтап отыр. Алғаш рет кездесуді нокаутсыз тәмамдады.

Кештің басты жекпе-жегінде Қытайдың этникалық қазағы Елшат Ниғматоллаұлы (15-0-2, 5 КО) мен әзірбайжандық Фарид Әлиев (5-0, 5 КО) арасында өту қажет болған. Алайда соңғы сәтте әзірбайжандық боксшы жұдырықтасудан бас тартты. Осы себепті Елшат Ниғматоллаұлы қазақстандық Мардан Берікбаевпен рейтингілік жекпе-жек өткізді. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде Мардан Берікбаев қарсыласымен тең түсті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер