Қазақстанда туған футболшы елге оралуы мүмкін

Қазақстанда туған футболшы елге оралуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

БАТЭ клубының шабуылшысы Михаил Гордейчук мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz by.tribuna.com сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы белорусь футболшысына екі бірдей қазақстандық команда қызығып отыр. Михаил Гордейчук Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған «Тобыл» мен «Ордабасы» клубтарының біреуіне ауысуы бек мүмкін.

Бір ескере кететін жайт, тәжірибелі шабуылшы Қазақстанның Саран қаласында дүниеге келген. Футболға алғашқы қадамдарын жергілікті «Шахтер» клубында жасаған. Қарағандылық команданың жастар құрамында 2007 жылы 19 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Сол себепті Қазақстанға оралған жағдайда азаматтықты алуға мүмкіндігі бар.

Биылғы маусымның басым бөлігін жарақатынан емделумен өткізді. Алаңға тек 11 ойында шыққан шабуылшы 4 гол соғып үлгерген.

Айта кетейік, Михаил Гордейчук мансабында Белорусьтің «Волна», «Нафтан», «Белшина» және БАТЭ командаларында доп тепкен. Белорусь ұлттық құрамасының сапында 25 кездесу өткізіп, 4 мәрте көзге түскен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер