Әлем футболы

«Аякстың» жас қорғаушысы Golden Boy жүлдесін жеңіп алды

«Аякстың» жас қорғаушысы Golden Boy жүлдесін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Нидерланды құрамасы мен «Аякс» клубының қорғаушысы Маттейс де Лигт Golden Boy жүлдесінің иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш жүлдені 2003 жылдан бері италиялық Tuttosport газеті 21 жасқа толмаған әлемнің үздік ойыншысына береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 19 жасар де Лигт ең көп ұпай жинап, «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд пен «Романың» ойыншысы Джастин Клюйвертті артқа тастады.

Бір айта кетерлігі, үміткерлер тізіміне Франция құрамасы мен ПСЖ клубының 19 жасар шабуылшысы Килиан Мбаппе енген жоқ. Өйткені ол ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік жас ойыншысы атанған болатын.

Айта кетейік, қысқы трансферлік мерзімде де Лигт еуропалық белді клубтардың біріне ауысуы мүмкін. Жас ойыншыға «Барселона», «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентус» секілді командалар қызығып отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер