Велоспорт

Мигель Лопес «Астананың» «Джиро д'Италия» жарысында капитаны болады

Мигель Лопес «Астананың» «Джиро д'Италия» жарысында капитаны болады
news-banner7
mobile-news-top

«Джиро д'Италия-2019» жарысында «Астана» кәсіби велокомандасының капитаны кім болатыны анықталды, деп хабарлайды Posports.kz сайты.

Бүгін команданың ресми таныстырылымы өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9 жаңа шабандоз, атап айтқанда Юрий Натаров (Қазақстан), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Давиде Баллерини (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Йонас Вилсли (Дания), Родриго Контрерас (Колумбия) және Эрнандо Бооркес (Колумбия) қатарға қосылады. Клуб сапындағы 28 ойыншы әлемнің 9 мемлекетінің өкілдері.

Сондай-ақ, команданың «Джиро д'Италия-2019» жарысында капитаны колумбиялық шабандоз Мигель Анхель Лопес болады.

«Астана» велокомандасының 2019 жылғы маусымға арналған құрамы мына сілтемеден көре аласыз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер