Бокс

Айдар Шәрібаев: Өзімді тағы бір тексеріп алдым

Айдар Шәрібаев: Өзімді тағы бір тексеріп алдым
news-banner7
mobile-news-top

Ұзақ уақыт үзілістен соң шаршы алаңға оралған кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев Астанада өткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Қарсыласым 11 кездесуінде жеңіске жетіп, бесеуінде нокаутқа қол жеткізген мықты боксшы. Бірақ, кейбіреулер кәсіпқой бокста 13 жеңілісі бар деп аса менсінбеуі мүмкін. Дегенмен, Айвазадидің статистикасын қарап отырсаңыз, көбіне мықтылармен кездескен, үздіктерден жеңілген. Онда да төрт-ақ кездесуінде нокаутқа түсіпті. Былайша айтқанда, тәжірибелі боксшы. Ал сәуір айында Америкада өткізген жекпе-жегімді сәтсіз аяқтаған мен үшін бұл жақсы емтихан болды. Осылайша өзімді тағы бір тексеріп алдым. Енді келесі жылғы айқастарыма дайындаламын, – деді Айдар Шәрібаев.

Айта кетейік, Айдар Шәрібаев Тәуелсіздік күніне орай Астанада ұйымдастырылған бокс кешінде украиналық Артем Айвазадимен кездескен. Алты раундтың қорытындысы бойынша, Айдар төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер