Әлем футболы

Чемпиондар лигасы. Жеребе тарту рәсімінің трансляциясы

Чемпиондар лигасы. Жеребе тарту рәсімінің трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 17 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылады.

Жеребе қорытындысы бойынша плэй-оффтағы жұптар анықталмақ. Онлайн трансляция Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Топта бірінші орын алған командалар алғашқы себетте болады, олар: «Бавария», «Боруссия Д» (Германия), «Барселона», «Реал» (екеуі де – Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Порту» (Потругалия), ПСЖ (Франция) және «Ювентус» (Италия).

Ал екінші себеттегі сегіз команда мыналар: «Атлетико» (Испания), «Аякс» (Нидерланды), «Ливерпуль», «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед» (бәрі – Англия), «Лион» (Франция), «Рома» (Италия) және «Шальке» (Германия).

Бұл кезеңдегі алғашқы матчтар 12/13 және 19/20 ақпанда өтеді, қарымта ойындар – 5/6 және 12/13 наурызда.

Жеребе рәсімінің трансляциясын Футбол 1 телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер