Әлем футболы

Роналду өзінің ең алғашқы көлігін сатпақ

news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің алғашқы автокөлігін сатылымға қойды.

AS ақпаратына сүйенсек, португалиялық футболшы өзі алғаш рет айдаған Audi S3 Coupe көлігін 20 мың еуроға сатпақ. Алайда, бұл көліктің қазір нарықтағы құны – 6 мыңнан 10 мың еуроға дейін. Бұл автокөлікті форвард 2003 жылы сатып алған.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда «Ювентусқа» ауысып, Италия чемпионатының 16 матчында 11 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер