«Ақтөбе» оқу-жаттығу жиынын бастады 

«Ақтөбе» оқу-жаттығу жиынын бастады 
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «ақ-қызылдардың» Ақтөбеде жоспарланған жиыны басталды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Жаттығу жиыны желтоқсан айының 16-сы мен 29-ы аралығында өтпек. Жаттығуларға түгелдей дерлік жергілікті ойыншылар қатысып жатыр. Жаттығу процесін былтыр қызметін «Ақтөбе» құрамында бастаған жергілікті маман, қазіргі уақыттағы «Ақтөбе-Жас» командасының бас бапкері Мұхтар Ерімбетов басқарады.

Команданың негізгі оқу-жаттығу жиыны қаңтар айында Түркияда өтеді деп жоспарланып отыр. Түркияға негізгі құрамның басқа да ойыншылары мен легионерлері де қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер