Қысқы

Полторанин Әлем кубогы кезеңінде 42-ші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Швейцариялық Давоста шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңі өтті. Бұл жарыста Қазақстанның атынан Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Олжас Климин, Денис Волотка өнер көрсетті.

15 шақырымға еркін жарыста қазақстандық спортшылардан ең жоғарғы орынды Полторанин еншіледі. Ол мәреге 42-ші болып келді, уақыты – 37:16:6 минут. Ал Пухкало 45-ші (37:20.3) орын алды, Климин - 47-ші (37:25.8), Волотка - 75-ші (38:43.0).

Бұл кезеңде ресейлік Евгений Белов жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық Николай Чеботка жарысқа қатысушылар тізімінде болғанымен, сөреге шықпады.

Шаңғы жарысы. ӘКК. Давос. Ерлер. Жекелей жарыс. 15 км.

1. Евгений Белов (Ресей) - 35:52.5 минут.

2. Морис Монифика (Франция) - +0,9

3. Мартин Сундбю (Норвегия) - +4,5

…42. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +1:24,1

...46. Виталий Пухкало (Қазақстан) - +1:30,5

...60. Олжас Климин (Қазақстан) - +1:33,3

...75. Денис Волотка (Қазақстан) - +2:50,5

...DNS. Николай Чеботка (Қазақстан) – сөреге шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер