Егор Сорокин: Қазақстан Премьер-лигасын бақылап жүремін

news-banner7
mobile-news-top

Қазандық «Рубин» мен Ресей құрамасының қорғаушысы, бұрын «Ақтөбеде» ойнаған Егор Сорокин Қазақстан Премьер-лигасын әлі бақылап жүретінін айтты.

«Рубиннің» клубтық арнасына берген сұқбатында Сорокинге жанкүйерлердің сұрақтары қойылған. Фанаттардың бірі Егордан ҚПЛ туралы сұрады.

«Ақтөбе» жанкүйерлеріне рақмет, менің ойынымды бақылап жүреді. Мен де Қазақстан Премьер-лигасын бақылап тұрамын. Өзім сонда ойнаған кездегідей емес, бірақ жаңалықтарды оқып жүремін. «Қайрат» Қазақстан кубогын жеңіп алғанын, «Астана» чемпион болғанын, «Ертістің» төмен түсіп кеткенін білемін», - деді Сорокин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер