Әлем футболы

Моуриньо Салахтың «Челсиде» неге ойнамағанын айтты

news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо АПЛ-дың 17-турында «Ливерпульге» қарсы матч алдында Мохамед Салах туралы ойын айтты.

«Ол өте мықты дамыды. Физикалық тұрғыда өскені анық байқалады. «Челсиде» ол өте жылдам, бірақ тым кішкентай жігіт болады. Ал қазір күш-қуаты бар еркекке айналды.

Ол кезде Салах психологиялық тұрғыда дайын болмады, бейімделуі керек болды. Швейцариядағы «Базельден» Премьер-лигадағы үлкен клуб «Челсиге» ауысты. Ол үшін бұл қиын болды. Сол кезде ол болашағы бар футболшы еді, ал бүгінде әлемдегі үздіктердің бірі», - деді Моуриньо.

Айта кетейік, «Ливерпуль» - «Манчестер Юнайтед» матчы бүгін Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер