Бокс

Америкалық тележүргізуші – Канелоға: Нағыз чемпион – Головкин

news-banner7
mobile-news-top

Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи мексикалық Сауль Альварестің чемпион екенін мойындамайды.

Канело бүгін британиялық Рокки Филдингті техникалық нокаутпен жеңіп, суперорта салмақта WBA белбеуін иеленген болатын.

«Қағаз жүзіндегі чемпион. Нағыз чемпион – Головкин», - деп жазды Панахи твиттерде.

Айта кетейік, Канело биыл қыркүйекте Головкинді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал былтыр олардың алғашқы кездесуі тең есеппен аяқталып, үлкен дау шыққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер