Басқа

Қазақстандық спортшы жүзуден халықаралық жарыста алтын жүлдеге ие болды

news-banner7
mobile-news-top

Минск қаласында жүзу бойынша халықаралық жарыс өтіп жатыр. Турнирде қазақстандық спортшы Анастасия Резванцева топ жарып, алтын жүлдені иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстандық спортшы Анастасия Резванцева Минскіден өткен жүзуден халықаралық турнирде алтын жүлдеге ие болды. Отандасымыз 100 метр қашықтықта арқамен жүзуден ең үздік болып шықты», – деп жазды ҚР су спорты түрлері федерациясы Instagram желісінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар жарыста 3 күміс және бір қола жүлдені қанжығамызға байлаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер