Бокс

Джейкобс: Альварес Головкинмен трилогия жасағысы келмейді

Джейкобс: Альварес Головкинмен трилогия жасағысы келмейді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобс мексикалық Сауль Альвареспен кездесуді қалайды.

Оның айтуынша, Канелоға енді қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасу қызық емес.

«Альварестің командасы Геннадий Головкинмен трилогия жасағысы келеді деп ойламаймын. Фанаттарға басқа нәрсені көретін сәт жетті, оларға жаңа чемпион қажет. Канелода барлық белбеу бар, ал менің мақсатым – сол. Мен қазіргі чемпионмен кездескім келеді, маған бірінші нөмір керек. Ол pound-for-pound жұлдызы, онымен бір рингті бөлісу мен үшін үлкен құрмет болады», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Дэниэл Джейкобс былтыр мамырда Геннадий Головкиннен ұпай саны бойынша жеңілген болатын. Ал Канело GGG-мен өткізген соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңді. Боксшылардың былтыр алғашқы кездесуі тең аяқталған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер