Қысқы

Аржаников Әлем кубогы кезеңінде жеке рекордын орнатты

news-banner7
mobile-news-top

Голландиялық Херенвендегі Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық конькимен жүгіруші 1000 метр қашықтықта өз рекордын жаңартты.

Қазақстандық Иван Аржаников, Александр Кленко мен Денис Кузин В дивизионында сынға түскен. Аржаников 1:10:539 уақытын көрсетті. Бұл оның жеке рекорды саналады.

Ал қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Кузин көрсетті – 1:10:428. Кленко болса, мәре сызығын 1:11:06 уақытымен кесті.

В дивизионында жапониялық Масая Ямада (1:08:666) жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер