Beautiful Football

Қазақстанның ең қымбат клубы анықталды

Қазақстанның ең қымбат клубы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz әйгілі немістің Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес Қазақстанның ең қымбат футбол клубтарын анықтады.

Биылғы маусым қортындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасының жалпы құны 102 миллион 200 мың евроны құраған екен. Бірінші лигаға түсіп қалған «Қызыл-Жар» мен «Ақжайық» клубтары рейтингтің соңына жайғасса, көш басын «Қайрат» пен «Астана» бастады.

Қазақстанның ең қымбат футбол клубтары:

12 орын. «Қызыл-Жар» - 4,01 миллион евро. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Фредди Коронель - 405 мың евро;

11 орын. «Атырау» - 5,71 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Юрий Перцух, Новица Максимович - 450 мың €;

10 орын. «Ақжайық» - 5,78 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Андрей Ткачук - 630 мың €;

9 орын. «Шахтер» - 5,85 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Александр Володько - 540 мың €;

8 орын. «Ақтөбе» - 6,26 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Маркос Пиззели - 720 мың €;

7 орын. «Жетісу» - 6,35 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Ермек Қуантаев, Руслан Степанюк - 540 мың €;

6 орын. «Ертіс» - 6,55 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Карлос Фонсека - 585 мың €;

5 орын. «Қайсар» - 6,77 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Асхат Тағыберген, Джа Джедже, Матиас Курёр - 540 мың €;

4 орын. «Ордабасы» - 7,74 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Пабло Фонтанелло - 1 млн 800 мың €;

3 орын. «Тобыл» - 9,50 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Канкава - 900 мың €;

2 орын. «Қайрат» - 15,98 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Исаэль - 1 млн 800 мың €;

1 орын. «Астана» - 21,78 млн €. Құрамындағы ең қымбат футболшы: Педро Энрике - 2 млн 250 мың€;

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер