Бокс

Кокаинмен ұсталған боксшы рингке қайта оралады

Кокаинмен ұсталған боксшы рингке қайта оралады
news-banner7
mobile-news-top

Биыл допинг-сынамада қанынан кокаин табылған америкалық Давид Бенавидес (20-0, 17 КО) ақпан айында өз жазасын толық өтеп болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есірткімен ұсталғанға дейін екінші орта салмақта WBC чемпионы болған боксшы енді 16 наурызда Америкада жекпе-жек өткізбек. Оның қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Бірақ ол WBC ережесіне сай бірден титулды жекпе-жек өткізеді.

Естеріңізге салсақ, Бенавидес бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкиннің спарринг-әріптесі болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер