Әлем футболы

Лука Модрич: Менің жалғыз мақсатым – клубтық әлем чемпионатын жеңіп алу

news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич биылғы жылды көңілді нотада аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл ғажайып жыл болды. Клубтық әлем чемпионатында «Реалмен» бірге жеңіске жетіп, оны жақсы нотада аяқтаймыз деп үміттенемін. Менің жалғыз мақсатым – футболдан клубтық әлем чемпионатын жеңіп алу, себебі бұл команда үшін маңызды кубок. Бәсте осындай турнирдегі жеңіс тұранда, біз ерекше жігерлене шығамыз», - деді Модрич.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» бұл турнирдегі сапарын 19 желтоқсанда жартылай финалдан бастайды. Испаниялық ұжым бұл сында «Касима Антлерс» пен «Гвадалахара» матчының жеңімпазымен кездеседі. Ал финалдық ойын 22 желтоқсанға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер