Әлем футболы

Мохамед Салах Африканың үздік ойыншысы атанды

news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» футбол клубының ойыншысы Мохамед Салах ВВС агентігінің нұсқасы бойынша Африканың 2018 жылғы үздік ойыншысы атанды, деп жазады prosports.kz.

Египет құрамасының және «Ливерпуль» командасының шабуылшысы екінші жыл қатарынан аталған жүлдеге қол жеткізіп отыр. Ол былтыр да қара құрлықтың мықтысы деп мойындалған болатын.

Салах өткен маусымда «Ливерпуль» сапында 52 ойынға қатысып, 44 гол соқты. Англия Премьер лигасында 36 ойында 32 гол соқты.

Африканың үздігі атанудан Салахтан бөлек, оның командаласы Садьо Мане (Сенегал), Мехди Бенатия (Марокко, «Ювентус»), Калиду Кулибали (Сенегал, «Наполи»), Томаса Парти (Гана «Атлетико»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер