Хоккей

Қазақстандық хоккейшілер Австрия құрамасын оңай ұтты

news-banner7
mobile-news-top

Латвияда (Елгава) 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында хоккейден «Төрт ел турнирі» атты халықаралық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.

Аталған турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Латвия, Беларусь және Австрияның жас хоккейшілерімен күш сынасады.

Бүгін біздің хоккейшілер турнирдегі кезекті ойынын өткізді. Завьялов Владимир шәкірттері Австрия елінің құрамасын ірі есеппен ұтты.

Қазақстан U18 – Австрия U18 6:0 (1:0, 3:0, 2:0 )

Шайба соққандар:

1:0 – Войтов – 06:14

2:0 – Касенов (Ищенко, Александров) – 24:00

3:0 – Ищенко – 28:34

4:0 – Евлоев -33:32

5:0 - Беляев (Комаров, Залевский) -58:49

6:0 – Евлоев (Комаров, Кизекпаев) – 59:33

Қақпашылар: Калмыков- Спрэчман

Айта кетейік, турнир 13 желтоқсан басталған болатын, бүгін мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер