Бокс

Бақтияр Артаев: Қазақ жігіттерінің арасында мықтылары жетерлік

Бақтияр Артаев: Қазақ жігіттерінің арасында мықтылары жетерлік
news-banner7
mobile-news-top

Бақтияр Артаев Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласында «Astana Arlans» кубогы туралы пікір білдірді.

«Біздің қазақ жігіттерінің арасында ішінде тасыған күш-жігері, арманы қалып кеткендері қаншама. Арнайы сол жігіттердің арманын орындау үшін осы әуесқой бокс кешін ұйымдастырып жатырмыз. Әртүрлі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып жатыр. Сондай-ақ, жасы 60-тан асқан екі ағамыз өзінің кішкене арманын жүзеге асыру үшін бақ сынауда. Екеуі де алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті», - дейді Бақтияр Артаев.

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін турнирде Айдар Шарыбаев, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов, Елшат Нығыметоллаұлы және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығатын болады.

Түпнұсқасы: qazsporttv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер