Бокс

Аслан Игубаев Азияның үздік супервайзері атанды

Аслан Игубаев Азияның үздік супервайзері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Азия бокс конфедерациясы биылғы жұмысын қорытындылай келе, жыл сайығы дәстүрден жаңылмай ең үздік деген бокс мамандары мен спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде «Қазақстандық бокс федерациясы» қауымдастығының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Игубаев Аслан Әмірбекұлының есімі бар.

Әріптесіміз 34,7% дауыс жинап үміткерлер ішінде көш бастады.

Үздік үштіктің қатарына Индонезия өкілі Шелли Шеловати Соджоно мен сириялық Мұхаммед Камел Шбиб еніп отыр.

Айта кетейік, Аслан Игубаев өткен жылы да Азияның үздік супервайзері атағын жеңіп алған болатын. Осылайша, екі жыл қатарынан ҚБФ қызметкерінің еңбегі жоғары бағаланып отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер