Бокс

Сұлтан Зәуірбектің жекпе-жегіне санаулы уақыт қалды

Сұлтан Зәуірбектің жекпе-жегіне санаулы уақыт қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбектің кезекті жекпе-жегіне санаулы уақыттар қалды, деп жазады Prosports.kz сайты.

22 жастағы боксшы бүгін түнде Лондон қаласындағы York Hall кешенінде 31 жастағы хорват Антонио Хорватичпен (10-52, 5 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек алдында Сұлтан «Мен дайынмын», - деген қысқа жазумен Instаgram парақшасына сурет жүктеді.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек соңғы жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карло қаласында өткізген болатын. Аталмыш күні қазақстандық боксшы никарагуалық Джонсон Теллесті (12-45-5, 6 КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер