ММА

Хабиб Нурмагомедов пен Сауль Альварес жекпе-жек өткізуі мүмкін

Хабиб Нурмагомедов пен Сауль Альварес жекпе-жек өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз дағыстандық спортшы мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасында жекпе-жектің өткенін қалайды, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Оскар де ла Хойя көп бос сөз айтады. Сауль мен Хабибке жекпе-жек ұйымдастырып берейік. Дана Уайт және Оскар оны қолдайды», - деп жазды Абдель-Азиз твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес ертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Рокки Филдингпен жұдырықтасады. Боксшылар WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салады. Ал Хабиб Нурмагомедов қазан айында ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер