Андрей Аршавин «Зенитке» оралады

Андрей Аршавин «Зенитке» оралады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайратта» мансабын аяқтаған Андрей Аршавин ресейлік «Зенит» клубының құрылымында қызмет ететін болады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жақын ғана мансабын аяқтаған футболшы ресейлік клубтың басшылығымен жолығып, «Зениттің» құрылымында әкімшілік қызметте жұмыс атқаруға келіскен. Дегенмен Аршавиннің қандай қызметке тағайындалғаны әлі белгісіз.

Андрей Аршавинге үш қызмет ұсынылған. Атап айтқанда, «Зенит» президенті Сергей Фурсенконың кеңесшісі, спорттық директор және оның орынбасары қызметтері бар. Ардагер футболшы жаңа қызметіне 2019 жылдың алғашқы айынан бастап кіріседі деп күтілуде.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер