Бокс

Оскар де ла Хойя: Альварес Головкин деген сотқарды мазақ қылды

Оскар де ла Хойя: Альварес Головкин деген сотқарды мазақ қылды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBA және WBO чемпионы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойяның пікірінше, Канело мен Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жек міндетті түрде өтеді.

«Үшінші жекпе-жек бола ма? Әрине, болады! Үшіншісі болады, тіпті, төртінші және бесіншісіне де өтуі ықтимал. Солай деп үміттенемін. Реваншта Сауль бұл сотқарды мазақ қылды. Головкинге тұра ұмтылып, оны артқа шегіндірсең, ол жұдырықтаса алмай қалады. Головкинде бір ғана режим бар – алға ұмтылу. Сауль тамаша жұмыс атқарды, олар тағы да кездессе, Альварес оны нокаутқа түсіретініне сенімдімін. Егер төртінші рет жұдырықтасса, Сауль тағы да жеңеді», - деді Оскар де ла Хойя.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес екі рет кездескен болатын. Былтыр қыркүйекте GGG мексикалықпен тең тарқасып, төрешілердің бұл шешімі сарапшылар арасында дау шығарған еді. Ал биыл қыркүйекте Канело Головкинді ұпай санымен ұтты.

Енді қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні Жаңа жылдан кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер