Баскетбол

Америкалық баскетболшы Қазақстан азаматтығын алды

Америкалық баскетболшы Қазақстан азаматтығын алды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубының қорғаушысы, америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды. Ол баскетболден Қазақстан ерлер құрамасының намысын қорғамақ, деп жазады Olympic.kz.

2018 жылдың 13 желтоқсаны күні ҚР ҰБФ президенті Димаш Досанов ұлттық құрамының жаңа ойыншысына Қазақстан паспортын табыс етті.

Ойыншыны ұлттық құрамаға қабылдау туралы шешімді ҰБФ басшылығы 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің шешуші айналымы алдында қабылдады.

Алда Австралия құрамасымен өтетін кездесу біздің команда үшін аса жауапты болмақ. Мұндай матчтарда Клеммонстың шеберлігі үлкен көмек болары сөзсіз.

Энтони Қазақстан сапындағы алғашқы жаттығуын 2019 жылдың ақпанында өткізеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер