Пиззелли – маусымдағы ең үздік голдың авторы

Пиззелли – маусымдағы ең үздік голдың авторы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы үздік голдың авторын атады.

Жанкүйерлер арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» форварды Маркос Пиззелли 2106 дауыспен бірінші орын алды. Екінші орынды «Астана» ойыншысы Марин Томасов еншілесе, үшінші орын «Қайратта» ойнаған Исаэльге бұйырды.

Айта кетейік, Пиззелли осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанып, 18 голмен сұрмергендер тізімінде бірінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер