Канело: Головкинге еркек болып, жеңілісті мойындау керек
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОрта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес осы демалыста Рокки Филдингпен жекпе-жек өткізеді. Кездесуге арналған баспасөз-мәслихатында Канело қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті рет сынап өтті.
«Ол сөлей берсін, бірақ жекпе-жектен кейінгі жауап айқын. Тіпті, оның бапкері де жеңілісті мойындады, бірақ ол сөйлеуін тоқтпайды. Оның үстіне, бұл оның мансабындағы алғашқы жеңіліс. Бұл оңай емес, түсінемін. Бірақ ол да жекпе-жектің қалай өткенін түсінуі тиіс. Головкинге еркек болып, жеңілісті мойындау қажет. Екеуіміз екі рет жекпе-жек өткіздік, үшінші рет тағы неге жұдырықтаспасқа? Бірақ қазір бар ойым Филдингпен кездесуде», - деді Альварес.
Айта кетейік, Канело биыл қыркүйекте Головкинді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал былтыр олардың алғашқы кездесуі тең есеппен аяқталды.