Бокс

Канело: Головкинге еркек болып, жеңілісті мойындау керек

Канело: Головкинге еркек болып, жеңілісті мойындау керек
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес осы демалыста Рокки Филдингпен жекпе-жек өткізеді. Кездесуге арналған баспасөз-мәслихатында Канело қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті рет сынап өтті.

«Ол сөлей берсін, бірақ жекпе-жектен кейінгі жауап айқын. Тіпті, оның бапкері де жеңілісті мойындады, бірақ ол сөйлеуін тоқтпайды. Оның үстіне, бұл оның мансабындағы алғашқы жеңіліс. Бұл оңай емес, түсінемін. Бірақ ол да жекпе-жектің қалай өткенін түсінуі тиіс. Головкинге еркек болып, жеңілісті мойындау қажет. Екеуіміз екі рет жекпе-жек өткіздік, үшінші рет тағы неге жұдырықтаспасқа? Бірақ қазір бар ойым Филдингпен кездесуде», - деді Альварес.

Айта кетейік, Канело биыл қыркүйекте Головкинді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал былтыр олардың алғашқы кездесуі тең есеппен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер