Волейбол

Энрике: Біз жанкүйерлермен жеңісте де, жеңілісте де бір болуымыз керек

Энрике: Біз жанкүйерлермен жеңісте де, жеңілісте де бір болуымыз керек
news-banner7
mobile-news-top

- Жеңілген ешқашан жақсы емес. Әрине, ойын нәтижесіне мүлде көңіліміз толмайды. Біз Францияға келесі кезеңге өту үшін келген едік. Бірақ, футболды алдау мүмкін емес. Шынын айтқанда бізге ойын тәжірибесі жетіскен жоқ. «Ренн» - өте жақсы команда. Олар бүгін жеңіске лайық болды.

- Бүгінгі кездесуде «Астанаға» стадионнан жүзден астам жанкүйер қолдау көрсетті. Олардың қолдауын сезіне алдыңыз ба?

- Біз өз жанкүйерлерімізді көргенде қатты қуандық. Олар өте ұзақ жолды артқа тастап келді. Сондықтан, оларға ерекше алғыс айтамын. Біз өз жанкүйерлерімізді жақсы нәтижемен қуанта алмағанымызға шынымен де қынжылып тұрмыз. Алайда, біз жеңіс кезінде де, жеңіліс сәтінде де бір болуымыз керек. Тамаша қолдаулары үшін оларға тағы бір мәрте алғыс айтқым келеді.

Түпнұсқасы: http://fcastana.kz/kaz/news/5060 Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер